Сақтық қызметін мемлекеттік реттеу – негізгі қағидаттары мен нысандары

Предыдущая1234567891011121314Следующая

1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын дамыту және қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы» Президент Жарлығымен сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілген. Соған сәйкес сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізу құқығын алу үшін жарғылық капиталының көлемі 2 млн.теңгеден кем болмауы керек. Бұдан басқа сақтандыру компанияларына қосымша қызметпен айналысуға тиым салынды. Осының нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру ұйымдарының саны 500-ден (1994 жылы) 53-ке дейін кеміді. Сақтандыруға бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік орган ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттікреттеу және қадағалау агенттігі болып табылады. Оның сақтандыруды реттеп отыру саласындағы негізгі міндеттері:-Елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықтыру;-Сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қадағалау;-Сақтандырудың негізін заңды түрде бекіту, міндетті түрде сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты қағидаларын белгілеу;-Сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.Агенттікке ҚР заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласуға тыйым салынады. Сақтандыру ұйымдарының қызметін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі осы ұйымдар үшін төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық нормативтерінен тұратын пруденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырады. 14 қазан 2009 жылы өткен мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің ұйым­дастыруымен «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­малық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.Бұл заң жобасы Үкіметтің 2006 жыл­ғы 25 желтоқсандағы қаулы­сымен бекітілген Қазақстан Рес­публикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленген екен. Заң жобасының негізгі мақсаты жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту мақсатында Қазақстан Рес­публикасының сақтандыру заң­намасын одан әрі жетілдіру қажет­тілігі, сақтандыру делдалдығы қыз­метінің дәл құқықтық негіз­дерін белгілеу, сақтандыру ста­тистикасының толыққанды база­сын қалыптастыру жолымен та­рифтік саясат мәселелерін ше­шу, отандық практика мен ха­лықаралық тәжірибені ескере отырып, сақтандыру на­рығының инфрақұрылымын да­мыту болып табылады. Заң жобасы еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көз­дейді. Атап айтқанда, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Рес­публикасының Аза­маттық ко­дексіне (Ерекше бөлім), «Сақ­тандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақ­стан Республикасының Заңы­на, «Сақтандыру төлемдеріне ке­пілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Лицен­зиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына түзетулер енгізу қа­растырылған. Аталған заң жоба­сының негізгі тұжырымдамалық бағыттарына тоқталсақ, біріншіден, жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту көзделіп отыр.Сақтандыру агенттерінің қыз­ме­тіне біліктілік талаптарын бел­­гілеу жолымен талаптарды кө­теру көзделуде. Атап айтқанда, сақтандыру ұйымының сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағ­дарламасы бойынша емтихан тап­сырғандығын растайтын құжатты кейіннен бере отырып, оқытуды жүргізу, міндетті түрде сақтандыру агенттерінің тізілімін енгізу туралы талқыланды.



Сақтық тарифтерін құрудың негізгі қағидаттары. Актуарлық есеп-қисаптар.

Сақтық тарифі( тарифтік мөлшерлеме, сақтандыру сыйакқысының мөлшерлемесі). Бұл сақтандыру тәуекелінің «прейснкуранттық « болып табылады. Сақтық тарифі арқылы сақтандыру сыйақысы есептеледі. Сақтық тарифі сақтандыру сомасынан 100 бірлігінен тіркеулі ақшалай төле түрінде және сақтандыру сомасынан 2-ші көрсеткіш кеңінен қолданылады.

Сақтық тарифтері сақтандыруның сақтандыру төлемдеріне жұмсаған, істі жүргізуге жұмсаған шығындарды өтей алатындай немесе табыстың шығындардан шама жоғары болуын қамтамасыз ететіндей деңгейде құрылу тиіс.

Сақтандыру тарифінің құрлымы. Сақтандыру сыйақысының есептеу үшін қороданылатын толық сақтық тарифі брутто мөлшері деп аталады. Брутто мөлшері нетто мөлшері немесе салмақтан тұрады.

Актуарлық есептің мәні. Актуарлық есептеулер бұл тарифтік мөлшерлерін, сондай ақ шаралардың резервтерін, ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын есептеудің экономикалық –математикалық әдістерінің жиынтығы болып табылады. Актуарлық есеп үлкен сандар заңын, ықтималдық теориясын, жол апаттардвн, өлімнің, жаңсақтанудың, табиғи апаттардың және басқа да қолайсыз жағдайда статистиканы қолдануды қамтамсыз етеді.

Актуариий ( лат.actuaries сөзінен есепші, жазушы) бұл актуарийй есептердің теориясын және әдістерін

Сақтандыру математика бойынша маман болып табылады.

Актуарлық есеп айырысулар

1. Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні.

2. Тарфтік ствканың құрамы мен құрылымы.

3. Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері.


6099928353997492.html
6099981971789773.html
    PR.RU™